"Каспий Эдьюкейшн Консалтинг" ЖШС Қызметтері
«Каспий Эдьюкейшн Консалтинг» ЖШС ИТҚ мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстың қауіпсіз әдістері бойынша қызмет көрсетуші персоналды (жұмысшылар) даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және аттестациялау, өрт-техникалық минимум бағдарламалары бойынша оқыту және қауіпсіздік және еңбекті қорғау курстарын жүргізеді
-Жұмысшы мамандықтар
-Қауіпті жұмыстарды орындауға рұқсаттар
-Техникалық курстар
-Корпортативтік оқыту
-Персоналдың білімін тексеруді ұйымдастыру және өткізу
Біздің қызметтер
«Каспий Эдьюкейшн Консалтинг» ЖШС өнеркәсіптк қауіпсіздік саласында сараптама жүргізеді
Бізідң серіктестік азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, өнеркәсіптік, өрт, экологиялық қауіпсіздік және еңбекті қорғау салаларында дайындау жұмыстарын жүргізуге мамандандырылған:
- Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауды өндірістік бақылау жүйесін дайындау;
-Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстарды жүргізуге ұйымдарды аттестациялау үшін сараптаманы дайындау;
-Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әдістемелік нұсқамаларды дайындау;
- Ғимараттардың өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігінің сараптамасын жасау, құрылыстар мен техникалық құрылғылар, қауіпті өндіріс нысандарында қолданылатын материалдарды куәландыру (соның ішінде пайдаланудың нормативтік мерзімінен шыққандар);
- Белгіленген талаптарға сәйкес келетін лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерді қауіпті өндіріс нысандарында жұмысқа рұқсат беру бойынша өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі бойынша оқыту, нұсқама беру, қайта даярлау және аттестациялауды жүргізу;
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларына сәйкестендіру процедурасын өткен технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдарды қауіпті өндіріс нысандарында қолдануға рұқсат беруді қамтамасыз ету;
- Апаттардың, оқиғалардың пайда болу себептерін талдау, сондай-ақ электрондық форматты қоса олардың есебін жүргізу;
- Қауіпті өндіріс нысандарында апаттарды жою жоспарын және апаттар мен олардың салдарын локализациялау және жою бойынша шараларды дайындау;
- Қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алуға және жоюға бағытталған шараларды іске асыру бойынша бағдарламаларды дайындау;
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларының сараптамасын дайындау және жүргізу, қауіпті өндірістік нысанның қауіпсіздігін декларациялауда, заңнамамен белгіленген қауіпті өндірістік нысандардың иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруда қажетті көмек көрсету;
- Құрылыс, қайта жаңарту, модернизациялау, қауіпті өндіріс нысандарын жою жобаларын уәкілетті органдармен келісу үшін сараптама жүргізу;
-Қауіпті өндіріс нысандарына жерлерді бөлуге келісім алу үшін сараптама жүргізу
«Каспий Эдьюкейшн Консалтинг» ЖШС оқытуды заңнамалық актілер талаптарына сәйкес жүргізеді.
«Каспий Эдьюкейшн Консалтинг» ЖШС Сіздің кәсіпорында еңбек шарттары бойынша жұмыс орындарын аттестациялауды жүргізуді өз міндетіне алуға дайын.
«Каспий Эдьюкейшн Консалтинг» ЖШС 2007 ж. 23 тамыздағы №203-п «Еңбек шарттары бойынша өндірістік нысандарды міндетті мерзімді аттестациялауды жүргізу ережелеріне» сәйкес, келесі жұмыс түрлерін орындайды:
-Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жүйесінің тиімділігін бағалау;
-Өндірістік орта факторларының зияндығы мен қауіптілігі деңгейін, еңбек үрдісінің ауырлығы мен қысымдылығы деңгейін бағалау;
- Өндірістік факторларды (физикалық, химиялық) өлшеу хаттамасы;
- Еңбек шарттары мен қауіпсіздігі бойынша аттестация картасы;
-Жұмыс орнының жарақат алу қауіпсіздігін бағалау хаттамасы;
-Қызметкерді жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау;
-Еңбек шарттарын жақсарту және жаңғырту бойынша ұсыныстар;
-Еңбек шарттарын жақсарту және жаңғырту бойынша іс-шаралар жоспары;
-Еңбекті қорғау саласында кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою бойынша жоспар-кесте;
-Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында қызмет берушінің актілері мен құжаттама;
-Кәсіпорынның әр өндірістік нысаны бойынша қорытындылар.
Бағалар тізімі
Загрузить - Приложение № 1
Загрузить - Приложение № 2
Загрузить - Приложение № 3
Загрузить - Приложение № 5
Загрузить - Приложение № 6
Бағыттар
«Каспий Эдьюкейшн Консалтинг» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі және көліктегі қауіпсіздік бойынша оқыту бағдарламалары жұмыстың қауіпсіз әдістері бойынша инженерлік-техникалық персонал үшін 63 атау, сондай-ақ қызмет көрсетуші персонал үшін 80 мамандық жұмыс түрлері атауын қамтиды.
Кәсіпорындардың басшылық қызметкерлер мен мамандарға арналған қауіпсіздік және еңбекті қорғау бағдарламалары ұйымның (кәсіпорыннын) ерекшелігін ескеріп, теориялық және өндірістік оқытуды қарастырады және еңбек бойынша аумақтық мемлекеттік органмен бекітілген. Оқыту бағдарламасы еңбек қатынастары мәселелерін, қауіпсіздік техникасын, өрт және электр қауіпсіздігін сақтау, өндірістік санитария ережелері мен талаптарын қамтиды.
-Жұмыс беруші мен қызметкерлерді еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту;
-Жұмысшы мамандарды оқыту және білімін тексеру;
-Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын дайындау;
-Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды, қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау;
-Қауіпті өндірістік нысанның өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын дайындау
Кеңейтілген оқыту түрі
- Дәрістер
- Тренинг
- Қашықтықтан оқыту бағдарламсын енгізу
Лицензиялар